Ресейде жасалған кісі өліміне күдіктіні Алматы полициясы ұстады

09.06.2021 в 17:03

С. есімді азамат Өзбекстаннан Алматыға жұмыс істеуге келген

Қалалық көші-қон қызметінің хабарлауынша, елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері орталығында ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын егжей-тегжейлі талдау, біздің бөлім қызметкерлеріне С. есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі - кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екендігін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің әріптестерінің көмегімен күдікті ұсталды.  Бұл туралы іздестіру бастамашысына хабарланды.  Сонымен қатар, С. есімді азамат Өзбекстаннан Алматыға жұмыс істеуге келген», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Спикер Алматыда «Келімсек» іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 қылмыскердің ұсталғанын атап өтті.