Астанада Өзбекстан елшілігін талқандаған ер адам бас бостандығынан айырылды

15.12.2022 в 17:21

Сонымен бірге құқық бұзушыға бас бостандығынан айыру орнында алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды

Астанада Өзбекстан елшілігінің ғимаратына кіріп кеткен ер адамға қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының №2 аудандық сотының мәліметінше, қаңтар айында Өзбекстан елшілігінің ғимаратына мас ер адам кіріп кеткен. Осыдан кейін ол елшіліктің мүлкін әдейі қиратып, бүлдірген. Соның салдарынан ірі көлемде материалдық шығын келтірілді.

Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды. Елшіліктің пайдасына материалдық шығын өндірілді.

Сонымен бірге құқық бұзушыға бас бостандығынан айыру орнында алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.