Талдықорғанда 18 жастағы жігіт әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

07.02.2023 в 17:32

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды

Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны әкесінің өліміне күдікті деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 ақпанда Көктал шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.