СҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

30.11.2021 в 21:37

Заңсыз ұйым тұрғындарға 103 АҚШ долларына баспана алып беруді уәде еткен екен

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заңсыз ұйым тұрғындарға 103 АҚШ долларына баспана алып беруді уәде еткен екен. Тұрғын үй кооперативі ретінде жұмыс істеген олар салымшыларды табыс көзіне қарамай үй алуға көмектемесіз деп алдаған.

Әлеуметтік желілерде жарнама жасаған ұйым «Шаңырақ+» бағдарламасындағы ипотекалық несиеге балама ұсынып, жеке тұлғаларды жүйеге тартыпты. Бағдарлама шарты бойынша тұрғындар жүйеге 103 доллар көлемінде қаражат аударып, өздерінің артынан тағы бірнеше салымшыны шақыруы керек болған.  

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық қаржы мониторингі департаменті қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ұйым Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жұмыс істеп, тұтыну кооперативі атын жамылған. Олар тұрғындарға табыс көзіне қарамай баспана алуға көмектесеміз деген. Ұйым әлеуметтік желілер, WhatsApp мессенджері арқылы заңды тұлғаларды тартқан», – деді Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Виктория Алпеева.