Петропавл қаласының тұрғыны 8 миллионнан астам теңгесінен айырылып қалды

28.10.2022 в 17:47

Тәртіп сақшылары оңай жолмен ақша тапқысы келгендерді Алматыда қолға түсірді

Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, 8 жарым миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жалған банк қызметкерлерінің нұсқаулығын орындап, 6 бірдей қаржы мекемесінен несие рәсімдеген. Өзінің алданғанын білген 44 жастағы әйел қалалық полиция басқармасына жүгінген. Тәртіп сақшылары оңай жолмен ақша тапқысы келгендерді Алматыда қолға түсірді.      

«Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шара барысында жасалған қылмысқа қатысы бар екі адам анықталды. Олар 4 және 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды», – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Құмарбек Жоламан.