Бекіре-2023: браконьерлік фактісі бойынша 36 қылмыстық іс қозғалды

11.07.2023 в 17:50

Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысында көп кездеседі

Браконьерлер азаймай тұр. Елімізде жыл басынан бері 70 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Олар –13 заңсыз балық аулау, 3 аңшылық, 54 сирек кездесетін және жойылуға жақын қалған аңдарды аулау дерегі. Нәтижесінде 1000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Браконьерлер әсіресе Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысында кездеседі.  Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпарынша, «Бекіре-2023» акциясы барысында тағы 972 заң бұзылғаны анықталған. Заңсыз браконьерлік фактісі бойынша 36 қылмыстық іс қозғалған. Оларға 15 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

– 280 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құзырлы мемлекеттік органдарға шешім қабылдау үшін 6 іс жолданған. Сонымен қатар Каспий маңы биоресурстарды заңсыз пайдалануды профилактика жасау мақсатында браконьерлікке себепші болатын салдарға талдау өткізілген, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов.