Дәрігер Шумковты өлтірген қылмыскер 18 жылға бас бостандығынан айырылды

16.01.2023 в 18:06

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот 1987 жылы туған Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, сотталушы марқұмның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін прокурор 35 жастағы Т.-ны 20 жылға соттауды сұраған болатын.

Кейін сотталушы дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұраған еді.

Еске салайық, биылғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.