Сотталушылар арасында жанжал туып, бір адам көз жұмды

09.04.2021 в 18:18

Сөзге келген олардың бірі екіншісінің денесін жарақаттаған

Темір торда сотталушылар арасында жанжал туып, бір адам көз жұмды. Қанды оқиға бүгін Алматы облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде, тәртіптік изолятордың камерасында болған. Сөзге келген олардың бірі екіншісінің денесін жарақаттаған көрінеді. Бастапқыда мекеме қызметкерлері зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсеткенімен, жедел-жәрдем қызметі ол адамның өлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мән-жайды анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және облыстық қылмыстық атқару жүйесінің департамент басшылығы жұмыс жүргізіп жатыр.

«Жазасын өтеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» және 192-бабының 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша жазасын өтеп жатқан. Олар ұстау тәртібін қасқана бұзушы деп таныған. Сондай-ақ, 3-ші теріс мінез құлыққа ие. Барлық материалдар тіркеліп, қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр»,  – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ақерке Жаубасарова.