Әйелін пышақтаған ер адам ұсталды

19.07.2022 в 19:08

Тәртіп сақшылары істің мән-жайын қарап жатыр

Алматыда ер адам әйелді бірнеше жерінен пышақтап тастаған. Оқиға Наурызбай ауданында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлердің сөзінше жәбірленуші оның әйелі. Видеода жігіттің кетіп бара жатқан келіншекті артынан қуып барып, жерге құлатқаны анық көрінеді. Алайда оның мұндай әрекетке баруына нақты не түрткі болғаны белгісіз. Тәртіп сақшылары істің мән-жайын қарап жатыр.

«1991 жылы туған Х. есімді азамат бірден ұсталып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазір Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері мен тиісті жедел және тергеу амалдары жүігізілуде», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.