Әйелдің басын кесіп, қоқысқа тастаған: сараптама қорытындысы жарияланды

08.09.2023 в 20:05

Қылмыстық оқиға 11 сәуірде Түрксіб ауданында болған

Алматыда әйелдің басын кесіп, қоқысқа тастап кеткен қылмыстық іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін судья тергеу кезінде жүргізілген бірнеше сараптаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар сот отырысы кезінде кісі қолынын көз жұмған 46 жастағы әйелдің туған қызы сот алдында сөйлеп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, ол анасымен бірнеше жылдан бері байланысын үзген. Арақатынасы суық болғанын, бөлек тұрғанын айтты. Марқұм анасының ішкілікке жақын екенін растады. Тұрақты жұмысы да болмаған көрінеді. Сот алдында сөз сөйлеген ол камераға бет-жүзін көрсетуден бас тартты.

– Мен анаммен қайғылы оқиға болмай тұрып, 2 апта бұрын кездескен едім. Оның өлімі туралы хабарды да ақпарат құралдары арқылы естідім. Анамның өліміне күдікті адамды мүлде танымаймын. Мен білетін жас жігіті бар еді. Ол сонымен біраз жыл бірге тұрды. Тұрақты жұмысы да жоқ еді. Түрлі дәмханаларда ыдыс жуушы болып жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүретін, – деді марқұмның қызы

Ал қылмыстық іске күдікті деп танылған 61 жастағы ер адам тағылған айыппен мүлде келіскен жоқ. Мемлекеттік айыптаушы оқыған тергеу нәтижесінің бәрі ойдан шығарылған деп отыр. Сот процесі басталысымен аяғына дейін бетін ақ қағазбен жауып әуре болды.

Еске салайық, қылмыстық оқиға 11сәуірде Түрксіб ауданында болған. Қаладағы базарлардың бірінен пакетке салынған адамның басы табылып, дүйім ел шулаған еді. Көп ұзамай егде жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталып, қамалған болатын.

– 11 сәуірде Иманқосов алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ шағынауданындағы үйден шығып, саябаққа барады. Жәбірленушінің жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнынан ұрады. Әйел екі минуттың ішінде көз жұмған, – деді мемлекеттік айыптаушы Жаңыл Жұмабаева.

Оқи отырыңыз: Атбасардағы түрмеде сотталған азаматты азаптағандар қызметінен босатылды