Алматы облысында ер адам танысын атып өлтірген

10.12.2021 в 23:12

Қолға түскен 39 жастағы күдіктіден аңшы мылтығы тәркіленді

Алматы облысында балағат сөздер кісі өліміне себепші болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

3 желтоқсанда Панфилов аудандық полицияның кезекші бөліміне Үлкенағаш ауылдық округінің жайлауынан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Тәртіп сақшылары тексеріс барысында, марқұмның оқ жарақатынан қаза болғанын және оның 41 жастағы Ақжазық ауылының тұрғыны екенін анықтады. Қолға түскен 39 жастағы күдіктіден аңшы мылтығы тәркіленді.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсіп, ол өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің сөзінше, жанжал ушығып, марқұмның аяғына оқ атқан. Қазіргі таңда тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» – деді Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дидар Базарбаев.