Димаш туралы деректі фильм түсірілді

26.05.2021 в 09:36

Әнші әр биікті бағындырғандағы жан толқынысын айтып береді

Димаш Құдайбергенов туралы деректі фильм әншінің YouTube-каналында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Деректі фильмде сирек кездесетін архивтік кадрлар мен Димашқа ән әлемінде тәлім берген педагогтердің пікірі бар.

Аталған фильмде әншінің өнер жолын жетік білетін жандар Ди­маш­тың алдында қандай қиын­дықтар туындағанын әңгімелейді. Ал әнші әр биікті бағындырғандағы жан толқынысын айтып береді.

Димаш Құдайберген 24 мамырда туған күнін атап өтті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары әншіге тосынсый жасады. Мәселен, Қытайдағы жанкүйерлер зәулім ғимараттың бірінде Димаш туралы бейнеролик қойған.