Жанар Айжанованың қызы босанды

21.05.2021 в 12:48

Дүниеге шекесі торсықтай ер бала келді

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл сүйінші жаңалықты Айжұлдыздың өзі Istagram парақшасында айтты. Жанар Айжанованың жиені 7 мамыр күні дүниеге келген. Есімін елдің назарында жүрген бала болсын деп Назар қойған көрінеді. 

«Қазақ елінің назарында, бүкіл әлемнің назарында, бастысы Алланың назарында бол, балапаным», – деп жазды Айжұлдыз.