«Маған бұйырмады»: Қайрат Нұртас орындалмай келе жатқан арманы туралы айтты

25.07.2019 в 12:48

Хитмен өзі қол жеткізе алмаса да, қытайлық жұлдызды көрген Димаш үшін қуанышты екенін білдірді

Отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас әлі күнге дейін орындалмай келе жатқан арманы туралы айтты. Әнші бала кезінен бері әйгілі Джеки Чанмен кездескісі келген. Алайда, аңызға айналған актермен жүздесу оған әзірге бұйырмапты. Бұл мәртебеге одан бұрын Димаш Құдайберген ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чанмен жеке кездесіп, тілдескен отандасына қызыққан Қайрат Нұртас ол туралы Intsagram парақшасында жазба жариялаған. Хитмен өзі қол жеткізе алмаса да, қытайлық жұлдызды көрген Димаш үшін қуанышты екенін жеткізді.

«Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен кездесу еді. Ол бақыт маған әлі бұйырмады. Бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін! Басыңнан бағың таймасын, Димашжан», - деп жазды әнші.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген өнердегі ағасына алғыс білдірді.

«Қайреке, Алла разы болсын сізге. Аман болыңыз», - деп жауап қайтарды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді, маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін