"Қазақфильм" киностудиясы Түркияда арнайы сыйлықпен марапатталды

14.11.2021 в 14:18

Биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты

Стамбулда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінде  "Қазақфильм" киностудиясы "Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлады Almaty.tv  Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапатты "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды. Ол фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтты.

Биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты.

Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи картинасымен ашылды.