Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен "Абай күніне" орай онлайн байқау жарияланды

09.08.2021 в 15:15

Басты талап: ақынның кез келген шығармасын қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен орындау қажет

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен  басқармаға қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында 10 тамыз – Абай  күніне арналған

«Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй» атты республикалық  онлайн байқау жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басты  талап: ақынның  кез келген  шығармасын қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен орындау қажет. 

Сайысқа әншілер де қатысатынын ескертеміз.  

Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Ақпараттық қолдаушы "Almaty" арнасы

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

@alatau.theater парақшасына тіркелу

бейнематериалды ресми парақшаңызға #Алатау_Абайкүні хэштегімен салу және @almatymadeniet

@alatau.theather парақшаларын белгілеу

Байқау осы жылдың 7-10 тамызы аралығында өтеді.

іріктеуден өткен үздік қатысушы @alatau.theater ресми парақшасына жарияланады .

Бас жүлде - 500 000

I орын - 300 000

II орын - 200 000

III орын - 100 000

Видео фонында Абай Құнанбайұлына қатысты локацияда болуы маңызды.

(Абай ескерткіші, Абай жолы кітабы және т.б қатысушының креативіне байланысты).

Бейнероликтің фоны, форматы, дыбыс сапасы ескеріледі.

Регламент: 3-5 минут

Сайысқа бұрын түсірілген, басқа байқауларға қатысқан видеолар жіберілмейді.

Байқау жеңімпаздары лайктайм арқылы анықталады.

Қабылдау осы жылдың 10 тамызына дейін!