Алматылықтар Әди Шәріповті еске алды

20.12.2023 в 15:33

Мұражайда оның еңбектері мен жетістіктері көпшілікке көрсетілді

Алматыда жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Әди Шәріповке арналған көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арда азаматтың атына ашылған мұражайда оның еңбектері мен жетістіктері көпшілікке көрсетіліп, өмір жолынан үзінді ретінде оқушылар қойылым қойды.

"Партизан қызы", "Қапастағы жұлдыздар" сынды бірнеше роман, туындының авторын жиылған жұрт сағынышпен еске алды.  

– Мен бірінші кезекте халқыма, Үкіметке, басымды иіп, рақмет айтқым келеді. Әдидің есімін айтып, кез келген кеңсеге барсам, есік ашық болады. Ол д.ние салғанда да бәрі қолдау көрсетіп, қасымнан табылды. Алғысым шексіз! – деді  жұбайы Клара Мыңжасарова.

Оқи отырыңыз: Алматыда музейге келушілер саны екі есеге артты