Алматыда белгілі ғалымның құрметіне ескерткіш тақта ашылды

17.03.2022 в 17:52

Ескерткіш Абай мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан

Алматыда Ұлттық ғылым академиясының академигі, еліміздегі микробиология саласының негізін қалаушы, белгілі ғалым Майя Шигаеваның құрметіне орай мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ескерткіш қаламыздың Абай мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан. Шараға ғалымның туыстары мен білім жолындағы әріптестері қатысты. Олардың айтуынша, Майя Шигаеваның құрметіне мемориалды тақтадан бөлек көше атауын берсе де артық емес.  

«Қазақтың сөзімен айтқанда, ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Осындай үлкен ғұлама ғалымға ескерткіш тақта ашу деген – үлкен қуаныш. Соның ішінде ол кісіден біз дәріс алғанбыз. Ол кісі 10 жыл декандық қызмет атқарған», - деді биология ғылымдарының докторы Болатхан Заядан.