Батырдың есімі жүрегімізде: Әнші-сазгерді ресейлік әншілер де еске алды

18.05.2022 в 21:15

Батырхан Шүкенов тірі болғанда 60 жасқа толар еді

Жұртты өнерімен баурап алған Батырхан Шүкенов тірі болғанда 60 жасқа толар еді.  Бүгін әнші-сазгерді отандық және шетелдік әншілер сағына еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Батырхан Шүкенов артына өшпестей мұра қалдырды. Оның әндері миллиондаған адамның жүрегінде сақталды.

«Оның есімі, әндері, ол туралы естелік жүрегімізде сақталады. Оның жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді. Әлем, адамзат жақсылықты сол кісіден үйреніп, үлгі алсын», – деді РФ еңбек сіңірген әртісі Валерий Меладзе.

Өмір жолын өнерге арнаған Батырхан Шүкенов 52 жасында Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол 2000 жылы A’Studio тобының құрамында болған. Бүгінде артында қалған топ өнерімен өзгені тәнті етіп келеді.

«Біз 13 жыл өнер жолында бірге жүрдік. Қазір тыңдармандар сол кездерді «Алтын дәуірге» балайды. Біз ол әндерді ұмытпаймыз. Сахнаға шықсақ міндетті түрде орындап, Батырымызға арнаймыз», – деді A’Studio тобының негізін қалаушы, продюсері Байғали Серкебаев.