Құдыс Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры жаңа маусымын бастады

15.09.2022 в 20:13

Театр қоржынында түрлі бағыттағы 30-дан астам спекталь бар

Құдыс Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры жаңа маусымын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдени нысан шымылдығын «Мәшһүр Гален» қойылымымен ашты. Алматыдағы тарихы терең театр келер жылы 90 жылдығын атап өтпек. Театр қоржынында түрлі бағыттағы 30-дан астам спекталь бар. Жаңадан сахналанған туынды халықаралық деңгейдегі конкурсқа жолдама алған. Байқау қараша айында Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.

«Спекталь трагифарс жанрында жүреді. 1 сағат 15 минут. Хореограф-режиссерлармен жұмыс істедік. Алғаш рет драмалық қойылымға балет әртістері қатысады», – деді қойылымның қоюшы режиссері Гауһар Адай.