Алматыдағы кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі беріледі

23.05.2021 в 20:25

Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қандай баға жетпес үлес қосқанын еске сақтаса екен дейміз

Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің атын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

«Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп жүретін және компанияның кез келген шараларын әрдайым қолдады. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтағымыз келеді. Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қандай баға жетпес үлес қосқанын еске сақтаса екен дейміз. Сондықтан Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді», –  деп атап өтті Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев.