Қазақстандық «Сары мысық» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

11.11.2021 в 21:00

Режиссер Әділхан Ержановтың туындысы «Шет тіліндегі үздік фильм» санатына ұсынылды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскар» киножүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» санатына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.               

Әлемдегі кино саласындағы ең беделді сыйлықтардың біріне үмітті туынды – отандық кинорежиссердің 9-шы толықметражды көркем фильмі.

Картинаның әлемдік премьерасы былтырғы жылы 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасында өтті. Кейінірек туынды бірқатар фестивальдерге қатысып, көптеген марапаттарға ие болды.

Фильм – қылмысқа әбден кәніккен жас жігіт пен түзу жолдан адасқан қыздың махаббаты туралы.

Айта кетейік, «Оскар» номинанттарының тізімін жариялау келер жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 27 наурызда өтеді.