Қор нарығында доллар бағасы тағы қымбаттады

01.04.2022 в 11:36

АҚШ долларының орташа бағамы 471, 13 теңге болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 наурыз кешімен салыстырғанда 4,10 теңгеге қымбаттаған.

АҚШ долларының орташа бағамы 471, 13 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін - 466, 31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471,85 теңгеден сатылса, сатып алу – 475,79 теңге.