Қор нарығында теңге бағамы нығайды

04.02.2022 в 11:36

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 ақпан кешімен салыстырғанда 1,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 433, 25 теңге болды. Ұлттық банктің 4 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 37 теңге, сатып алу – 435,87 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434, 25 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435, 50 теңге.