Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

28.10.2022 в 15:45

28 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 465,36 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 467,00 теңге.

Ұлттық банктің 28 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 465,36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 471 теңге.

Оқи отырыңыз: 28 қазанға арналған валюта бағамы