Қор нарығында доллар бағасы өсті

21.07.2022 в 15:48

21 шілдедегі ресми бағамы - 481,20 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 77 теңгеге өсіп, 482,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 21 шілдедегі ресми бағамы - 481,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 480,87 теңге, сату - 485,24 теңге.