Қор нарығында доллар арзандады

10.08.2022 в 15:52

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 478,01 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,45 теңгеге төмендеді. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 478,01 теңге. 

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 477 теңге.