Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап жатыр

13.02.2023 в 16:00

13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450, 79 теңге

Алматыда ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 455 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда доллар бағамы 451 – 455 теңге аралығында құбылып тұр.

10 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 49 теңгеге төмендеп, 450, 82 теңге болған.

Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450, 79 теңге.