Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

30.12.2022 в 16:02

30 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,98 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,59 теңгеге жоғарылады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 462,65 теңге.

Ұлттық банктің 30 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,98 теңге.

Оқи отырыңыз: 30 желтоқсанға арналған валюта бағамы