Доллар бағамы 4,26 теңгеге арзандады

19.07.2022 в 16:19

Доллардың 19 шілдедегі ресми бағамы - 484,18 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,26 теңгеге төмендеп, 480,36 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 шілдедегі ресми бағамы - 484,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 479,91 теңге, сату - 484,33 теңге.