Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

13.06.2023 в 16:13

13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 32 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448, 62 теңге.

Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге.