Алматыда медициналық инфрақұрылым қалай дамып жатыр

23.12.2021 в 09:19

Алматыда медициналық инфрақұрылымның қалай дамып жатқаны туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгінде денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%, ал анестезиология, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жетті. Жедел медициналық жәрдемнің жұмысы жақсарды. Үш жаңа қосалқы станса салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70% жаңартылды.

Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы мен №2 БЖКБ қосымша корпусының құрылысы, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационардың ғимараттары бой көтеруде», – деп жазды қала әкімі.