Маман семіздіктің негізгі себептерін айтты

25.07.2022 в 10:19

Бүгінде адам салмағының артуына жауап беретін гендерде 88-ге жуық мутация белгілі

Генетик дәрігер Светлана Перес артық салмақ дұрыс тамақтанбайтын, физикалық белсенділігі төмен адамдарда болады деген аңызды жоққа шығарып, семіздіктің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Перестің айтуынша, бүгінде адам салмағының артуына жауап беретін гендерде 88-ге жуық мутация белгілі. Бұл рецепторлар 20-дан аса биологиялық процеске қатысады.

"Тамаққа тәуелділік, лептинге төзімділік, микробиотаның теңгерімсіздігі секілді психологиялық факторлардың салдарынан салмақ қосуға болады. Бұл патологиялардың бәрі белгілі бір генетикалық бұзылулардан туындайды", - деді маман.

Дәрігер үлкен скринингтік зерттеулер FTO генінің полиморфизмі семіздікпен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. Зерттеулер оның тәбетті бақылауда маңызды роль атқаратынын көрсетті.