Алатау ауданында көпсалалы аурухана салынады

18.07.2022 в 10:53

Келесі жылы көпсалалы аурухананың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады

Алматы қаласының әкімі Алатау ауданында көпсалалы аурухана салуға шешім қабылдады. Ерболат Досаев бұл жөнінде ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында және емханалардың әр тұрғынға жақын орналасуы үшін биыл Саялы шағын ауданы мен Қарасу шағын ауданында күніне 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынбақ. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін компанияларды анықтауға байқау жарияланды. Құрылыс осы жылдың қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың маусымында аяқтауды жоспарлап отырмыз," - деді қала әкімі. 

Бүгінде Алатау ауданында көпсалалы аурухана жоқ. Алматы қаласының әкімі Алатау ауданында көпсалалы аурухана салуға шешім қабылдады. Мұнда перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады. Келесі жылы көпсалалы аурухананың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады.