Маймыл шешегінен емделгендер вирусты қайта жұқтыруы мүмкін

09.06.2022 в 11:11

Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ

Маймыл шешегімен ауырғандардың вирусты қайта жұқтыру қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет індетті қайта жұқтырудан 100 пайыз қорғай алмайды», - деді ДДСҰ шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын мәлімдеді. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі. Маймыл шешегі 27 елде анықталды. Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан.

Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ.