Денсаулық сақтау министрі учаскелік дәрігерлерге қатысты қандай мәлімдеме жасады

02.03.2024 в 12:39

Мамандардың еңбегін ынталандыру шарттары қайта қаралады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова учаскелердегі дәрігерлерді өзіне тән емес функциялардан босатып, олардың еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, облыс халқымен кездесуінде жалпы практика дәрігерлеріне жағдай жасау керек екенін айтты.

- Денсаулық сақтау жүйесіндегі біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің көлемін арттыру ғана емес, ең алдымен олардың сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме көтерілмейтінін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет,  - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Министр жұртшылыққа арнаған сөзінде ведомствоның медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін сындарлы диалогқа, ұсыныстар мен бастамаларға ашықтығы мен дайындығын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқан түні неше сәби дүниеге келді