Қазақстанда ақ халаттыларды жазалау талаптары жеңілдеуі мүмкін

21.12.2022 в 15:07

Жыл сайын қызметіне салғырт қараған дәрігерлердің үстінен 300-ден астам шағым түседі

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бас дәрігер айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау министрі салаға қатысты жаңа заң жобасын таныстырып өтті. Ол бойынша медицина қызметкерлері кәсіби міндетін дұрыс атқармаған жағдайда салынатын айыппұл мөлшері мен қамауға алу мерзімін азайту көзделген. 

«Алдына келген науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болған жағдайда жаза мерзімдерін қайта қарау ұсынылып отыр», -  деді министр. 

Ажар Ғинияттың ақпарынша, елде жыл сайын қызметіне салғырт қараған дәрігерлердің үстінен 300-ден астам шағым түседі екен. Соңғы 5 жылда жеке және заңды тұлғалардан түскен 14 123 өтініш қаралыпты. 

"Жүргізілген сараптамадан соң 300-ден аса қылмыстық іс қозғалып, 70-тен астам дәрігер айыпталды. Олар - хирург, көбіне акушер-гинеколог. Бұл жерде ешкімге үстемақы, өтемақы берілген жоқ. Себебі заңда қарастырылмаған", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.