Ақтаудағы жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қойды

11.09.2022 в 15:43

Ақтауда жиналғандардың айтуынша, бірінші санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсететін тек екі жедел жәрдем көлігі бар

Облыстық жедел жәрдем станциясындағы жүргізушілер мен фельдшерлер бүгін, 11 қыркүйекте жұмысқа шықпады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, олар жалақыны көтеру мәселесі бойынша басшылыққа бірнеше рет жүгінген.

Ақтауда жиналғандардың айтуынша, бірінші санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсететін тек екі жедел жәрдем көлігі бар.

Дәрігерлердің айтуынша, басшылық кездесуге шығып, мәселені ертең шешуге уәде берген.

Tags: Актау