Алматыда Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу жалғасуда

28.01.2021 в 16:45

Бұдан басқа, 302 мың дәрі-дәрімек жеткізу күтілуде

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен стационарлардың, емханалар мен қала дәріханаларының дәрілік құралдармен, медициналық мақсаттағы өнімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг апта сайын жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың ақпаратынша, 26 қаңтардағы жағдай бойынша стационарларда 2,6 млн дәрілік құралдар бар. Бұдан басқа, 302 мың дәрі-дәрмек жеткізу күтілуде.

«Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуде сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар. Дәрханалардың препараттармен қамтамасыз етілуі 85-90%-ды құрайды, дәріханаларда бұрыннан қалған миллионнан аса сұранысқа ие препараттар бар. Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін тұрақтандыру қоры қаражатының есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда. Бүгінгі күні қалаға әкелуге жоспарланған 40,1 млн ДЗ мен ММБ-дан 47,2 млн әкелінді, 22,3 млн іске асырылды, қолда бар 24,8 млн оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн. Қосымша 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін 453 мың дәрілік зат түсімі күтілуде», — деді Заңғар Сәлімбаев.

Осылайша, Алматы қаласында екі айлық дәрі-дәрмек қоры бар.