Еркін Тұқымов ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

27.01.2022 в 09:25

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін Қ.Тоқаев Зарема Каукенқызы Шаукенованы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметінен босатқан болатын.