Асқар Есімов «Қайрат» ФК бас директоры қызметіне тағайындалды

02.02.2022 в 09:44

Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады

«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры қызметіне Асқар Асылбекұлы Есімов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен. Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған», – делінген команданың баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес  үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» марапатымен марапатталған.