Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды

03.03.2022 в 10:15

Парламент Сенаты ҚР Бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Кейін тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Жаңа прокурор туралы не белгілі

Берік Ноғайұлы 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды.

2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болды.