Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

21.07.2022 в 11:51

Арыстанғани Заппаров осыған дейін Алматы облысының Полиция департаментін басқарған

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды. 

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған. 

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. 

Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған. 

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарды.