Қазақстан Президенті бірқатар тағайындау жасады

25.02.2022 в 13:47

Әсет Исекешев пен Ғизат Нұрдәулетов жаңа лауазымға ие болды

Қазақстан Президенті бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылсын», – деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ Ғизат Нұрдәулетов Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.