Еркін Ботақанов Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

19.01.2022 в 15:53

Еркін Ботақанов ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген жарлықта.

Е. Ботақанов 1966 жылы туған. Үш жоғары әскери білімі бар. 

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери қолбасшылық училищесін, ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын, РФ Бас штабы Академиясын әскери мамандықтар бойынша тәмамдаған. 

Қолбасшының орынбасары, Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - ҚР ІІМ ІӘ Комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. 

2009 жылдың мамырында Е. Ботақановқа генерал-майор шені берілді.