Мемлекет басшысы бірқатар министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

04.04.2023 в 15:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалcын», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.