Үздік телесериалдар: Елге оралған Азамат көрерменге несімен ұнады

14.10.2023 в 13:55

"Алматы" теларнасындағы үздік үштікке енген фильмдер

"Алматы" телеарнасының жаңа маусымында көрерменге жол тартқан арнаның төл өнімі – «Мұғалім» сериалы көптің көңілінен шықты. Отбасындағы келіспеушіліктер, өмірлік ұстаным мен тәрбие 

телехикаяға негіз болған. Басты кейіпкері Азамат Америка білім алып, үйіне оралады. Азаматтың әке-шешесі баласына не үшін ашулы? Келесі бөлімді өткізіп алмаңыздар!

Телехикаяның 1-бөлімін youtube арнасы арқылы 54 853 адам тамашалаған. 

Қаралым көрсеткіші бойынша екінші орында тағдырмен таласқан жандар жайлы "Шырмауық" телехикаясы тұр. Туындының 10-сериясы бір күнде 11 мың қаралым жинаған.

Ал "727" фильмінің 6-бөлімін ғаламтор арқылы 7600 көрермен көрген. Бұл телехикая осы аптада қаралым бойынша үшінші орынға жайғасты. 

Оқи отырыңыз: Біржан-Сара ізімен: қайым айтыс қайта жаңғырмақ