Наурыз: Almaty TV жаңа маусымын бастайды

18.03.2024 в 14:42

Наурызды бізбен бірге - «Almaty» телернасымен қарсы алыңыз

Өзінің 25 жылдығына орай «Almaty» телеарнасы көрермендерді жаңа телемаусымымен қуантуға дайын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызға арнап телеарна жарқын әрі рухты бағдарламалар дайындап отыр. Олардың ішінде «Біржан-Сара ізімен» айтысының жалғасы, «Алматы ән қанатында», көрермен көзайымына айналған музыкалық шоу «Жұлдызды караоке», «Кешкі Алматы» сияқты бағдарламалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұқбатында Наурыз мерекесінің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.

«Наурыз - жаңарудың белгісі, сондықтан оны жаңаша: ерекше бір элементтер енгізіп, мағыналы, креативті түрде тойлау керек. Бұл қоғамның бірігуіне, біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеріне сенімдімін», - деген еді ел Президенті.

Көктем мен жаңару мерекесінің құрметіне телеарна бірқатар отандық кино және анимация өнімдерін дайындады. Сонымен қатар, көрермендер үшін сыйлық ұтып алу сияқты көптеген тосынсыйлар бар.