«Жарты сағат Жанарбекпен»: «Алматы» телеарнасында тұсаукесер

25.08.2023 в 15:59

Бағдарлама 27 тамызда сағат 21:30-да эфирге шығады

«Алматы» телеарнасында тұсаукесер. Осы жексенбіде «Жарты сағат Жанарбекпен» атты жаңа бағдарлама эфирге шығады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның мақсаты – мемлекеттің дамуына, халықтың рухани кемелденуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлғалармен сұқбат құрып, кейіпкердің шығармашылығы мен тұлғалық қасиетін, жүріп өткен жолын көрерменге үлгі ету. Алғашқы шығарылымды 27 тамызда сағат 21:30-да тамашалай аласыздар.

– Кем-кетік кетіп жатқан тұсымыз тек идеологиялық кеңістікке емес. Бағдарламаны нақты ұсыныс, талап-тілек, өтініш, ашық пікір алаңы деп қабылдауға болады. Сондықтан көрермені де көп болады деп ойлаймын, – деді журналист Жанарбек Әшімжан.

Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: «Алматы» телеарнасы көрермендеріне жаңа туынды ұсынбақ