ШҚО-да оқушылар мен студенттер үшін сабақ болмайды

25.01.2021 в 08:43

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты оқушылар оқымайды

Шығыс Қазақстан облысында мектеп және колледждерде бірінші ауысымдағы сабақ болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семей, Риддер, Курчатов қалаларында, Глубоковский, Бесқарағай, Бородулихин, Жарма, Ұлан, Шемонайха аудандарындағы мектептерде 0-11 сыныптар, колледждерді 1-2 курстарына сабақ өткізілмейді. Өскемен қаласы мен Аягөз ауданында бірінші ауысымдағы 0 мен 9 сыныптарда сабақ болмайды, Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып аралығының оқушылары оқымайды», – делінген хабарламада.